20 жастағы жігіт домбыраның электрондық нұсқасын жасап шығарды

20 жастағы жігіт домбыраның электрондық нұсқасын жасап шығарды

20 жастағы жігіт домбыраның электрондық нұсқасын жасап шығарды
ашық дереккөзі
260
20 жастағы жігіт домбыраның электрондық нұсқасын жасап шығарды. Оңтүстікқазақстандық өнертапқыш домбыраның электрондық нұсқасын жасап, қолданысқа енгізді. ІT маманы Нұрлан Қамбардың арқасында кез-келген азамат домбыраны ұялы телефоннан тартып, ән шырқауына болады. Үйренгісі келетіндер домбыраның электрондық нұсқасын тегін жүктей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұлттық кодымызды жаңғырту мақсатында жасалған бұл жаңалық көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. «Apple» компаниясы мақұлдаған бұл бағдарламаны жуырда ғана АҚШ-тағы  «Apple» компаниясы мақұлдатып, Нұрлан Қамбар авторлық құқық иесі атанды.  Бүгінде Нұрлан Бауыржанұлы Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің ақпараттық жүйелер мамандығының  2 - курсында оқиды.  Жастайынан оқуда озат болып,  зейіні зерек өскен Нұрланның алдағы арманы -  атақты ІT маманы атану.  Домбыраның электрондық нұсқасын ойлап тапқан 20 жасар жігітке бұл идея  Астанадағы ЭКСПО  көрмесіне барғанда келіпті. Нұрланның бұл  идеясын іске асыруға  «қазақстандық Стив Джобс» атанып кеткен Арман Сүлейменов ақыл-кеңес берген.  «Қазіргі таңда қазақ жастары жаңашылдыққа ұмтылып, жаңа технологияларды игеруге күш салып жатыр.  Солардың бірі ретінде мен де өз бағымды сынап көруді жөн санап, алғашқы еңбегімді жүзеге асыруға тырыстым. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі - домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы телефоннан күй немесе ән тартуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаны мына сілтемеден тегін жүктеп алуыңызға болады», - дейді өнертапқыш. Бүгінде өнертапқыш жазғы демалыс кезеңін пайдаланып, Астана қаласындағы Назарбаев университетіндегі  ІT мамандардан  арнайы сабақ алып жүр.

Серіктес жаңалықтары