Елбасы Барселонада болған терактіге байланысты Испания короліне көңіл айтты

Елбасы Барселонада болған терактіге байланысты Испания короліне көңіл айтты

Елбасы Барселонада болған терактіге байланысты Испания короліне көңіл айтты
ашық дереккөзі
220
Елбасы Барселонада болған терактіге байланысты Испания короліне көңіл айтты. Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды», - делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Барселонадағы теракт: 13 адам мерт болып, 100 адам зардап шекті. Барселонада Рамбла көшесінің маңында фургон адамдарды басып кетті. Каталония билігі 13 адамның құрбан болғандығын растады. Каталония басшысы Карлес Пучдемон 100 адамның зардап шеккендігін жеткізді. Құқық қорғау органының өкілдері туристер көп қатынайтын қалада көліктің адамдарды басып кетуін теракт деп бағалады. Қаскөй көше бойымен 530-дан астам метр қашықтықты жүріп өтті

Серіктес жаңалықтары