304
Дю Солей циркінің әртістері Астанада науқас балаларға мереке ұйымдастырды
Дю Солей циркінің әртістері Астанада науқас балаларға мереке ұйымдастырды
Дю Солей циркінің әртістері Астанада науқас балаларға мереке ұйымдастырды. Дю Солей циркінде Reflekt шоуын ұсынатын тоғыз америкалық биші Астанада Даун синдромына шалдыққан балаларға арналған «Күн әлемі» қоғамдық қорының орталығына барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады. Әртістер балаларға шағын мереке ұйымдастырып, олармен бірге әңгімелесіп, билеп, жүздеріне күлкі сыйлады. «Олардың күлкісі ұмытылмайды. Осы шараны ұйымдастырғаны үшін Евгения Чеботаревская, Сабина Исмаилова мен Кэссиди Брайтқа алғыс айтамын. Сіздердің жұмыстарыңыздан, «Күн әлемінде» бізді қарсы алған балалар мен олардың ата-аналарынан керемет әсер алдық», - деп жазды әртістер Facebook-те. Даун синдромына шалдыққан балаларға көмектескісі келетіндер, мына сайттан толық ақпарат ала алады www.sunworld.kz.