Мирзияев Қазақстанның қорғаныс министрімен әскери ынтымақтастықты талқылады

Мирзияев Қазақстанның қорғаныс министрімен әскери ынтымақтастықты талқылады

Мирзияев Қазақстанның қорғаныс министрімен әскери ынтымақтастықты талқылады
ашық дереккөзі
196
Мирзияев Қазақстанның қорғаныс министрімен әскери ынтымақтастықты талқылады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 17 тамызда осы елде ресми сапармен жүрген Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады деп хабарлайды Uzbekistan 24. Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері сөз болған. Атап айтқанда, Өзбекстан мен Қазақстанның қорғаныс министрлігінің өндіріс кооперациясы мен әскери кадр дайындауда өзара іс-қимылдарын тиімді дамытуды талқылаған. Қазақстан қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов өзін жылы қабылдағаны үшін Өзбекстан президентіне ілтипатын білдіріп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жолдаған. Министр қазақ-өзбек арасында әскери-техникалық қарым-қатынастың дамуына мүдделі екенін, әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.  

Серіктес жаңалықтары