387
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді. Алматы зообағының есепшісі сатылған билеттердің ақшасынан 32 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есепшіні қамауға алу туралы шешімді 16 тамызда Алматының Медеу аудандық № 2 соты шығарды. "Тергеу барысында Н. есімді азаматшаның зообақта есепші-кассир қызметін атқара отырып, 2015 жылдың желтоқсан 2016 жылдың қазан айы аралығында компьютердегі сатылған билеттерге қатысты мәліметтерді өшіріп, зообақтың 32 миллион 390 мың 700 теңгесін жұмсап қойған", - делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында. Сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. "Қылмыстың ауыр болуына байланысты сотта қылмыстық істі басынан соңына дейін тергеп-тексеретін процессуалдық прокурор тағайындалды. Мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында экономикалық салада қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.