Қазақстаннан жарты жылда 15 мың адам көшіп кеткен

Қазақстаннан жарты жылда 15 мың адам көшіп кеткен

Қазақстаннан жарты жылда 15 мың адам көшіп кеткен
ашық дереккөзі
337
Ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтардың санына байланысты статистикалық мәліметтерді жариялады. Осы мәліметке сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан халқының саны 20,2 мың адамға артып, 18 миллион 34,4 мың адамды құраған. Алғашқы жартыжылдықта халықтың табиғи өсімі 112,5 мың адамды құрапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,3 мың адамға кем. 2017 жылдың қаңтарынан маусым айына дейін елімізде 189,2 мың сәби дүниеге келген екен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға кем. Сондай-ақ, өлім көрсеткіші де 0,8 пайызға төмендеп, 66,6 мың адамды құрапты. 2017 жылдың алғашқы 6 айында елімізде 89 мың жұп некелескен. Өткен жылы олардың саны бұл көрсеткіштен 1 мың жұмқа көп болатын. Ал, ажырасу деректері керісінше, биыл айтарлықтай көбейіп, 26785-ті құраған. Былтыр осы кезеңде 25 193 отбасыажырасып кеткен болатын. Сондай-ақ, Қазақстаннан көшіп кетіп жатқандар саны да көп. Биылғы алты айда елден 15063 адам кетсе, 8663 адам көшіп келген.  

Серіктес жаңалықтары