Жамбыл облысында оқ атқан шекарашыларға қарсы іс қозғалды

Жамбыл облысында оқ атқан шекарашыларға қарсы іс қозғалды

Жамбыл облысында оқ атқан шекарашыларға қарсы іс қозғалды
ашық дереккөзі
287
Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада "мемлекеттік шекараны бұзған" деген күдіктілерге оқ атқан шекарашылар П.А.Ергеш пен Г.А.Бөрібайға қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы ("қару немесе арнайы құралды қолданып билікті ауыр зардапқа әкеліп соқтыратындай асыра пайдалану") бойынша қозғалған. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 20:00 шамасында "Жас өркен" шекара бекеті маңында қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған деген күдікке іліккендерге оқ атқаны туралы хабарлаған. Ресми ақпаратта "мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 15 шақты адам шекарашылардың талабына бағынбай, тас лақтырып, қарсылық көрсеткені" айтылған. Шекарашылар әуелі ескерту ретінде аспанға оқ атып, ескерту жасағанымен, құқық бұзушылар бұйрыққа бағынбағаннан кейін оларға қарата екі рет оқ атуға мәжбүр болған. Бас әскери прокуратураның ақпаратына қарағанда, шекара бұзды делінген адам 20 шақты болған. Шекарашылар атқан екі оқтың бірі шекара бұзушылардың бірінің басына тиіп, кейін ол қайтыс болған. Оққа ұшқан адам Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен селосының Е.Д. Амиртаев деген тұрғыны болып шыққан. Сонымен қатар қазір шекара бұзушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлімімен ("билік өкіліне қатысты күш қолдану") іс қозғалған.  

Серіктес жаңалықтары