ЭКСПО павильондарын 17 миллион адам тамашалады

ЭКСПО павильондарын 17 миллион адам тамашалады

ЭКСПО павильондарын 17 миллион адам тамашалады
ашық дереккөзі
326
10 маусым 14 тамыз аралығында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 млн құрады. Олардың арасында келушілер саны ең көп 10 павильон: Африка Плазасы (22 ел), Мысыр, Түркия, Әзербайжан, Таиланд, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Сауд Арабиясы Корольдігі. Көрменің екі ай жұмысы аралығында халықаралық павильондарда 66 ұлттық күн және 4 мамандандырылған күндер, 160-қа жуық тақырыптық іс-шаралар (конгрестер, конференциялар, форумдар, шеберлік-сабақтар) ұйымдастырылды. ЭКСПО-2017 көрмесіне сондай-ақ 22 елдің мемлекет және үкімет басшылары, 78 Сыртқы істер министрлері қатысқандығын атап өту қажет. Аталған мерзім аралығында жалпы сомасы 131 767 992 теңгенің 84 495 лицензиялық өнімі сатылды. Көрменің екі ай жұмыс аралығында 537,8 тонна өнім әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558, 7 мың келушіге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 млн. теңгені құрады. 10 маусым 14 тамыз аралығында байланыс орталығына 44 242 адам жүгінді. Ақпарат киоскілеріне жүгінген азаматтар саны - 17 016. Логистикалық қызмет көрсетулерге келетін болсақ, екі ай ішінде халықаралық павильондарға 5298 тонна жүк жеткізілді. Қазіргі кезде ЭКСПО-қалашығында 5181 адам тұрады. Жалпы мерзім ішінде (2 ай) 15 416 қонақ орналастырылды. Көрменің екі ай жұмысында 4864 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың ішінде 49 адам ауруханаға жатқызылды. Жүгінудің негізігі себептері: аллергия, дене қызуының көтерілуі және қан айналым жүйесінің аурулары. Екі ай ішінде 867 жоғалған зат табылды, оның 273-і иелеріне қайтарылды, ал 594 - сақтауда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының желісі бойынша 1789 жағдай тіркелді, олардың 26 - қылмыс. Барлығы ұсақ ұрлықпен байланысты.    

Серіктес жаңалықтары