Welt: БҰҰ санкциясына қарамастан, Иран Ресейге қару-жарақ жеткізді

Welt: БҰҰ санкциясына қарамастан, Иран Ресейге қару-жарақ жеткізді

Welt: БҰҰ санкциясына қарамастан, Иран Ресейге қару-жарақ жеткізді
ашық дереккөзі
216
Welt: БҰҰ санкциясына қарамастан, Иран Ресейге қару-жарақ жеткізді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясына қарамастан, Иран Ресейге қару-жарақ жеткізген. Welt am Sonntag (Die Welt-тің жексенбілік қосымшасы) басылымы батыстың арнайы қызметіне сілтеме жасап, Иран қару-жарақты Ресейге Сирия арқылы жеткізген деп жазады. Басылым мәліметінше, маусым айында екі иран ұшағы Сирияның Хмеймим әуе базасына қонған. Ұшақтан ауыр қарудың компоненттерін түсірген. Сосын заттарды Жерорта теңізіндегі Тартус порты арқылы ресейлік "Спарта III" кемесіне тиеген. Ол жақтан иранның қару-жарақтарын Новороссийскіге жеткізген. Welt am Sonntag әлеуметтік желілердегі парақшаларында Хмеймимге қонған ұшақтың суреттерін жариялады. Бірақ суреттің қашан түсірілгені жөнінде ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары