Журналист Мамайдың сот отырысы 18 тамызға белгіленді

Журналист Мамайдың сот отырысы 18 тамызға белгіленді

Журналист Мамайдың сот отырысы 18 тамызға белгіленді
ашық дереккөзі
268
Алматының Медеу аудандық №2 сотында өтіп жатқан сотта судья Дәурен Мәукеев қамаудағы журналист Жанболат Мамайды қамаудан кепілге босатудан бас тартты. 14 тамызда басталған алғашқы сот отырысында Мамайдың адвокаты Жанар Балғабаева соттан Жанболат Мамайдың бірнеше ай қамауда отырғанын, абақтыда отырғанда денсаулығы нашарлағанын айтып, оны кепілге босатуды сұрады. Адвокат Мамайдың ешқайда қашып кетпеуіне жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Мұрат Әуезов, оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин кепілгер болатынын айтты. Жанболат Мамай да өзінің жарты жылдан астам уақыт қамауда отырғанын айтып, адвокатының өтінішін қолдады. Бірақ прокурор адвокат Мамай босап шықса ол тұратын үйде "оның қауіпсіздігіне кепіл жоғын" және оның "аса ауыр қылмыс жасауына" байланысты" оны босатуға қарсы болды. Судья Дәурен Мәукеев бұған дейін соттың Мамайды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту мәселесін шешіп қойғанын айтып, адвокат өтінішін орындаудан бас тартты. Бұдан соң Жанболат Мамай әке-шешесі мен жұбайына өзіне қоғамдық қорғаушы мәртебесін беруді сұрады. Прокурор Мамайдың жұбайы Инга Иманбайдың тергеуде куәгер ретінде жауап бергеніне байланысты қоғамдық қорғаушы бола алмайтынын айтып, сот оны қолдады. Судья Мамайдың әке-шешесіне қоғамдық қорғаушы мәртебесін берді. Келесі сот отырысы 18 тамыз күні сағат 11-ге белгіленді.

Серіктес жаңалықтары