Министрлік ҰБТ-дан төмен балл алған мектептердің "Алтын белгілерін" тексереді

Министрлік ҰБТ-дан төмен балл алған мектептердің "Алтын белгілерін" тексереді

Министрлік ҰБТ-дан төмен балл алған мектептердің "Алтын белгілерін" тексереді
ашық дереккөзі
338
Білім және ғылым министрлігі «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл алып қалған мектептерді тексеретін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифинге ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Гүлзат Көбенова мәлімдеді. «Келесі аптада министрлік «Алтын белгі» иегерлері Ұлттық бірыңғай тестілеуден аз балл алып қалған мектептерді тексеруді бастап кетеді. Мектеп бітірушілер үшін бұл тексеріс ешқандай зиянын тигізбейді. Алайда заңсыздық анықталып жатса, мектеп басшылығы қатаң түрде жазаланады», - дейді Гүлзат Көбенова. Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде «Алтын белгі» иегерлеріне қосымша 1487 грант бөлінетін болады. Ал жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылы оқу грантын бөлу байқауына 4360 «Алтын белгі» иегері қатысқан. «Өзге абитуриенттер жоғары балл алып кеткендіктен, аталған 1487 бала негізгі тізімнен шығып қалған. Сәйкесінше, 1487 бала ҚР БҒМ мен Денсаулық сақтау министрлігінің қаржысы есебінен оқуға түсетін болады», дейді Гүлзат Көбенова.

Серіктес жаңалықтары