268
Астана әкімдігі "Магистральный" ТК құрылысшыларының заңсыз әрекетін әшкереледі
Астана әкімдігі "Магистральный" ТК құрылысшыларының заңсыз әрекетін әшкереледі
Астана әкімдігі "Магистральный" ТК құрылысшыларының заңсыз әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Алақол құрылысшылардың салдарынан инвесторлар жапа шеккен. Атап айтқанда құрылыс компаниялар біле тұра көлік тұрағын заңсыз салып, сатып жіберген, алданған инвесторлар елордалық әкімдікке көмекке жүгінді. Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Астана қаласы Б. Момышұлы көшесінде орналасқан "Магистральный" ТК-де жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл тұрғын үй кешенін "АТЛАНТ ИНЖИРИНГ" ЖШС және "Компания "Сарыарқа-Құрылыс" ЖШС салған. "Тексеру барысында бірінші қабаттағы жерасты паркингінің орнында кеңістікті бөлетін арнайы құрылғылар анықталды, бұл өз алдына сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің саласында бұзушылық болып табылады. Мамандардың пікірінше, бұл - жобаның бекітілген эскиз сұлбасының және мемлекеттік сараптамадан өткізілген жұмыс жобасының бұзылуы. Анықталған фактілердің негізінде құрылыс инспекторларына нысанды жобаға сәйкес қайта қалпына келтіру бойынша ұйғарым берілді", - делінген хабараламада. Алайда мемлекеттік органның талабына құрылыс салушылар зер салмаған. Қазіргі уақытта ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде 2016 жылдың 21 қазанындағы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымы заң күшіне енді. Бұл факті бойынша құрылыс салушы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды. Ұйғарымды орындау мақсатында астаналық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған құрылғыларды алып тастау талабымен қуыным жолдады, ол толығымен қанағаттандырылды.
Айта кетейік, құрылыс салушыға көлік тұрағына қатысты құжаттың жобасына өзгеріс енгізу туралы өтініші қанағаттандырылған жоқ. Дегенмен компания қойылған тыйымдарға қарамастан бұзушылықтарға жол берді. Естеріңізге сала кетейік, үлескерлікпен құрылыс жүргізу мәселесі Астана қаласының әкімдігінің қатаң бақылауында. "Қала тұрғындарының назарларына, астаналық әкімдік бірнеше құрылыс компанияларына үлескерлікпен құрылыс жүргізу саласында рұқсаттамалардың берілгендігін хабарлайды. Бүгінде бірқатар компания екінші деңгейдегі банк жобасына қатысу арқылы немесе Астана қаласы әкімдігінің 2017 ж. №120-1321 ұйғарымына сәйкес, тұрғын-үйдің қаңқасын салып біткен соң үлескерлікпен құрылыс салуды ұйымдастыру кезінде үлескелердің қаражатын тарту құқығына ие. Компаниялардың тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады", - делінген хабарламада.