362
АҚШ пен КХДР арасындағы теке-тірестен қаржы биржасы құлады
АҚШ пен КХДР арасындағы теке-тірестен қаржы биржасы құлады
АҚШ пен КХДР арасындағы теке-тірестен қаржы биржасы құлады. Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіскен әскери-дипломатиялық теке-тірестің салдарынан Нью-Йорк қаржы биржасы үш күн бойы сауданы шығынмен жапты.
Бейсенбі күні жетекші "Доу-Джонс" индексі соңғы үш айдағы ең үлкен шығынға (0,93 пайыз) батты.
Нарықтағыларды АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы твиті үрейлендіріп тастады. Президент Пхеньянға жасалған бұған дейінгі ескертулер "аса қатал еместігін", ол Америкаға немесе оның одақтастарына шабуыл ойластырған болса, Солтүстік Корея жүйесіне алаңдауға негіз болады деген еді.
Бұл уақытта Brent маркалы мұнай бағасы бейсенбі күні барреліне 52 доллар 54 центке дейін түсті. Оған ОПЕК мүшелерінің маусым айында өндірісті ұлғайтуы мен Ресейдің өндірісті ұлғайтуы "экономикалық тұрғыда тиімді" екені туралы мәлімдемесі түрткі болған.
ОПЕК өзінің әрекетін 2018 жылы әлемде мұнайға сұраныс артады деген болжамға негіздеп отыр.