Батыс Қазақстанға 77 қандастар отбасы көшіп келген

Батыс Қазақстанға 77 қандастар отбасы көшіп келген

Батыс Қазақстанға 77 қандастар отбасы көшіп келген
ашық дереккөзі
248
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тарихи Отанына оралған қандастарды қолдау мәселесін қарастыру міндеті қойылғаны мәлім. Оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, мамандық алуына, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу және баспанамен қамту жергілікті атқарушы органдарға жүктеліп отыр. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. Батыс Қазақстан облысына былтыр 77 этникалық қазақ отбасы көшіп келген. Олардың барлығына да оралман мәртебесі беріліп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал жыл басынан бері сол аймаққа барған 43 адамның тең жартысы екі қолға бір күрек тапты. Нұрәділ Алдаров 13 жыл бұрын Өзбекстан елінен оралған. «Сол кезде мемлекет тарапынан бір жолғы көтерме ақы мен үй салу үшін жер телімін алдым. Сол үлкен көмектің арқасында баспаналы болып, кейін жұмысқа орналастым. Қазір жағдайым жақсы»,- дейді өзі. Нұрәділ Алдаров, қала тұрғыны: - Көшіп келемін дейтін отандастарымызға мемлекет, үкімет тарапынан жағдай жасалып отыр. Ол келген жеріне бейімделу орталығын ашу, үй салып беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер беру, әлеуметтік жағынан көмек беру, жұмысқа орналастыру және тілді үйрету сол бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Ол енді дұрыс. Әр адам шеттен келгенде қиын болады, оған үкімет, қоғам тарапынан көмек болса өте дұрыс болады. Ерболат Сағынов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және ӘБ басқармасының бөлім басшысы: - Жұмысқа орналасу жөнінде олар қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жолығады. Ал тұрғын үй мәселесі бойынша тұрғын үй заңы бойынша қалалық, аудандық тұрғын үй коммуналдық бөлімдеріне үй тұруына құқығы бар.

Серіктес жаңалықтары