243
880 автобус жүргізушісі телефонмен сөйлескені үшін жазаланды
880 автобус жүргізушісі телефонмен сөйлескені үшін жазаланды
Астанада 880 автобус жүргізушісі көлік тізгінінде телефонмен сөйлескені үшін жазаланды. Қоғамдық көлік жүргізушілері қозғалыс кезінде телефонмен сөйлескен жағдайда жауапқа тартылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.
«Астана LRT» ЖШС филиалы көліктік бақылау қызметі басшысының орынбасары Гүлден Жүсіпбекованың айтуынша, елордалық көліктік бақылау инспекторлары күн сайын тексеріске шығады және ЖҚЕ бұзушылықтарының әртүрлі түрлері анықталады, оның ішінде қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу бар. «Жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің мобильдік телефонмен сөйлесуіне байланысты 880 факт тіркелді. Көліктік бақылау инспекторлары заң бұзушылыққа қатысты акт толтырады. Ол одан кейін Астана қаласының ІІД-не жіберіледі. Қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сай айыппұл салынады», - дейді Г.Жүсіпбекова. Ал, елордалық автопарктер күн сайын анықталған бұзушылықтарды есеп алып отырады және әр жағдай бойынша шешім шығарады. «Автобус парктерінде қауіпсіздік бойынша кеңестер құрылуда. Онда талапты елемеген жүргізушілерге қатысты тәртіптік жаза қолданылады. Әр жағдай - бөлек қаралады», - деді Г.Жүсіпбекова.