331
Өзбекстан азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тартуға дайын
Өзбекстан азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тартуға дайын
Өзбекстан азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тартуға дайын. Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 7 тамызда мекемеаралық жиналыс өткізді. Онда министрдің 5 тамызда тұрғындармен тікелей әңгімелесуі кезінде көтерілген мәселелер талқыланды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жиналысқа президент аппаратының, Бас прокуратураның, ішкі істер министрлігінің, еңбек министрлігінің және басқа да қызметтердің өкілдері қатысты.
Ресми мәліметке қарағанда, президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасына сай жоба дайындалған. Атап айтқанда, үкімет азаматтардың шетелге шығу визасынан бас тарту қарастырылған, сөйтіп кезең-кезеңімен шетелге шығу төлқұжатын енгізу жоспарланған.
Жиналыста Сыртқы еңбек миграциясы мәселелері жөніндегі агенттіктің ірі шетелдік әріптестермен Өзбекстан азаматтарын жұмысқа тұрғызуды ұйымдастыру қызметі қолдау тапты.