Қаржы пирамидалары қазақстандықтардың 11 млн теңгесін жеп қойған

Қаржы пирамидалары қазақстандықтардың 11 млн теңгесін жеп қойған

Қаржы пирамидалары қазақстандықтардың 11 млн теңгесін жеп қойған
ашық дереккөзі
250
Қаржы пирамидалары қазақстандықтардың 11 млн теңгесін жеп қойған. Соңғы алты айдың ішінде қаржы пирамидалары бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі. «Қаржы пирамидаларынан келген шығынның жалпы сомасы 11 млн теңгені құрады. Алты айдың ішінде Экономикалық тергеулер қызметі 21 қылмыстық іс бойынша жұмыс істеп, қаржы пирамидаларына қатысы бар адамдарға тиесілі 2,6 млн теңгенің мүлкін тәркіледі», - Экономикалық тергеулер департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау бөлімінің бастығы Арман Есембаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, соңғы алты айдың ішінде экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектеп салуға болады. Мәселен, шымкенттік шенеуніктер бюджет ақшасын жымқырудың тағы бір жолын тапты.

Серіктес жаңалықтары