Судья 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталды

Судья 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталды

Судья 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталды
ашық дереккөзі
Ташкентте судья 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталды. Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері өткен жылы Ташкент қалалық қылмыстық іс жөніндегі сотының судьясы Анваржон Зияевті 100 мың доллар алып жатқан кезде қылмыс үстінде ұстады, депа хабарлайды podrobno.uz. «Судья бұрын шығарылған сот шешімін өзгертуге жәрдемескені және қылмыстық іс материалын қосымша тергеуге қайтарғаны үшін алған. Зияевқа қатысты Өзбекстан қылмыстық кодексінің 207-бабы, 2010-бабы, 231-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелді», - деп хабарлады ҰҚҚ өкілі. Судьяға қатысты қылмыстық істі Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты қарады. Таяуда шешім шықты. А. Зияев 12 жылға сотталды.