610
Қазақстанда 517 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді
Қазақстанда 517 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді
Қазақстанда 517 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2017 жылдың 1 тамызындағы жағдайға сәйкес республика бойынша 50 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықтарды қамти отырып, 517 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді. Оның ішінде 173 сүт қабылдау, 281 мал сою, 41 жеміс-көкөніс дайындау, 2 ара өсіру, 4 құс өсіру және сою, 4 интенсивті бақша, 2 түйе сүтін өндіру, 3 тауарлық балық өсіру кооперативі бар. Мұнан бөлек, 30 573 ірі қара мал басын қамтыған 1 835 отбасылық мал бордақылау алаңы құрылды», - деді ол. Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 89 сүт қабылдау пунктін, 18 мал сою пунктін, 28 сүт таситын көлік, 15 рефрижератор сатып алуға арналған өтінімдер мақұлданған. «Бүгінгі күні өткен жылы құрылған кооперативтері қоса алғанда жыл басынан бері 25 мың тоннадан астам сүт дайындалды. 8 мың тонна ет және 600 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін дайындауға арналған инфрақұрылым құрылды. Ағымдағы жылдың қорытындысында сүт өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен жүктемелігі 60-тан 70 пайызға дейін, ең өңдеу кәсіпорындары 55-тен 65 пайызға дейін жеткізілетін болады», - деді Мақашев.