3 Тамыз 2017, 12:32 1229 0 Қоғам Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Алматыда көпірден құлаған қызды көлік басып кетті

Алматыда көпірден құлаған қызды көлік басып кетті. "Территория происшествий" Алматыда жан түршіктірер жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Қайғылы оқиға "Алматы арена" маңындағы Момышұлы бойындағы жаяу жүргіншілер көпірінің астында болды. Куәгерлердің сөзінше, қыз бала көпірден жол үстіне құлаған. Осы кезде оны Момышұлымен төмен түсіп келе жатқан көлік басып кеткен. Қыз оқиға орнында көз жұмды.  Қаза болған қыздың кім екені әлі анықталған жоқ. Полицейлер бұл қайғылы оқиға ма, әлде өзіне қол жұмсау болды ма соны анықтап жатыр.
Алматыда көпірден құлап, көлік басып кеткен қыз туралы жаңа деректер белгілі болды бүгін, 10:25164 0 Алматы қаласының ІІД-нің өкілдері көпірден құлаған сәтте көлік басып кеткен қыздың оқиғасына қатысты ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Полицияның мәліметі бойынша, қыз бала "Шизофрения" диагнозымен Алматының психикалық саулық орталығында тіркеуде болған.  Тергеу болжамы бойынша, Алатау ауданында тұрып жатқан 22 жастағы алматылық өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.  "Қыз 2006 жылдан бері Алматының қалалық психикалық саулық орталығында "шизофрения" диагнозымен тіркеуде тұрған. Ара-тұра ауруханада жатып емделген, 20 күн бұрын кезекті рет емделіп шыққан. Оқиғадан бұрын ол әпкесімен ұрсысып шығып кеткен. Бұл өзіне қол салу болуы да мүмкін", - дейді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  Еске салайық, қыз бала Момышұлы көшесіндегі көпірден құлаған, осы кезде көшемен төменге келе жатқан Hyundai Accent қызды басып кеткен.  "Өлім себебін сот-медециналық сараптама көрсетеді. Сотқа дейінгі тергеуді Алатау ауданының Ішкі істер басқармасы жүргізіп жатыр", - дейді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар