Пласидо Доминго шапан киіп түскен фотосын жариялады

Пласидо Доминго шапан киіп түскен фотосын жариялады

Пласидо Доминго шапан киіп түскен фотосын жариялады
ашық дереккөзі
516
Әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго шапан киіп түскен фотосуретін жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Танымал опера әншісі жақында Қазақстанға келіп, «Астана-Опера» театрында өткен «Травиата» спектаклінде ойнаған болатын. Сапар кезінде оған дәстүр бойынша қазақтың шапаны жабылды. Дәл сол шапанды киіп түскен суретін әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.   «Жергілікті салт-дәстүрді сақтай отырып... Қазақстан - тамаша мемлекет!», - деп жазды Доминго. Айта кетейік, таяуда елордаға келіп кеткен Голливуд жұлдызы Николас Кейджге министр Арыстанбек Мұхамедиұлы шапан жапқан болатын. Оның дәл осы шапанмен түскен фотосы желіге кеңінен тарады.  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та бұдан былай барлық меймандарға тек шапан жабатынын мәлімдеді.  

Серіктес жаңалықтары