195
Гүлнара Каримованың ұлы Өзбекстан билігінің айыптауларына жауап берді
Гүлнара Каримованың ұлы Өзбекстан билігінің айыптауларына жауап берді
Өзбекстанның бұрынғы президентінің үлкен қызының ұлы - Ислам БАҚ беттерінде анасының қамауға алынғаны туралы мәліметтер тарай бастағаннан кейін үндеу жариялады.
РИА Новости BBC News арнасына сілтеме жасап, кіші Ислам Кәримов анасына тағылған айыптардың асыра сілтенгенін, яғни келтірілген залалды көбейтіп айтып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Каримованың туыстары Өзбекстан шенеуніктерінің ахуалы жайлы үлкен құжатты жариялауға дайындалып жатыр. "Олардың көбісінің жағдайы әлде қайда көп болған: оларда 2 миллиард емес, 34-миллиардтан бар. Бірақ бұл туралы ешкім айтпайды", - деді кіші Каримов сұхбатында. Сонымен қатар, ол анасының қаржы жағдайын жақсы біледі және бұл асыра сілтенген сома, нақты деректер жоқ... ол сома бірнеше мәрте көбейтілген. "Қолдарынан келген барлық жаланы, барлық жымқырылған қаражатты, барлық минстрліктен менің анама жауып отыр: оны қамап өздері сүттен ақ болып шығып, жұмысын әрі қарай істей бермекші", - деді ол.