Reuters: 2017 жылы Сирияда 40 ресейлік әскер қызметкері мен жалдамалы жауынгер қаза тапты

Reuters: 2017 жылы Сирияда 40 ресейлік әскер қызметкері мен жалдамалы жауынгер қаза тапты

Reuters: 2017 жылы Сирияда 40 ресейлік әскер қызметкері мен жалдамалы жауынгер қаза тапты
ашық дереккөзі
2017 жылдың басында Сирияда кем дегенде қырық ресейлік әскер қызметкері мен жалдамалы жауынгер қаза тапқан. Бұл туралы Reuters марқұмдардың туған-туыстарына, сонымен бірге есімін құпия қалдырған дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Агенттік мәліметі бойынша, қаза тапқандар арасында 21 жалдамалы жауынгер, 17 әскер қызметкері және мәртебесі әлі анықталмаған екі ресейлік бар. Бұған дейінгі жылдары Сирияда кем дегенде 36 Ресей азаматы қаза тапқан, деп жазды Reuters. Мақалада Сирияда соғысқандардың командирлері марқұмдардың отбасыларынан шу шығармауларын талап еткен. Ресми мәлімет бойынша, 2017 жылы 10 әскер қызметкері қаза тапқан делінеді. Ресей билігі құрдандарға жалдамалы жауынгерлерді қоспайды, деп атап өтті Reuters. Ресейдің Сириядағы әскери науқаны 2015 жылы 30 қыркүйекте басталды. Мәскеу ресейлік жауынгерлердің құрлықтағы операцияларға қатысқанын бірнеше мәрте жоққа шығарды.