ОҚО-да той кортежіне тікұшақ қосылған

ОҚО-да той кортежіне тікұшақ қосылған

ОҚО-да той кортежіне тікұшақ қосылған
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежіне тікұшақ ілесіп ұшқан. Дәл осындай бейне түсірілім әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Бейнежазбаны желіге Руслан Сұлтанбек есімді азамат жүктепті. Оған қарап оның «Шымкент-Ташкент» тас жолында Сарыағаш қаласына кіре берісте түсірілгенін аңғаруға болады. Түсірілімде той кортежімен ілесіп бара жатқан тікұшақ төмендеп, қайта көтерілгенін көруге болады. Тікұшақтың ұшқыштары кортеджден озып кетпестен, не қалып қоймастан ілесіп ұшуға тырысады. Ал видеоны түсірген көліктегілер болса оны қуып жетуге тырысқан. Әрі тойда жүретін кілең қымбат көліктерге тікұшақтың қосылғанын  қосылғанын мақтан етеді. Бейнетүсірілімнің кейіпкері «бізде серуен осындай, жағдайымыз мүшкілдеу. Тікұшақ ілесіп жүреді. Бізде кеме жүрмейді ғой», дейді. Ал, әлеуметтік желіден түсірілімді көргендер түрлі пікір қалдырған. Біреуі той кортежінің тікұшақпен жүргені керемет десе, енді бірі ұшақ пилотының лицензиясын алып қою керектігін айтады. Қалай болғанда да өңірдің әуе кемелеріне жауапты басшылары қандай да бір мәлімет таратпады.