288
Медбикелердің жалақысын көтеруге мүмкіндік бар
Медбикелердің жалақысын көтеруге мүмкіндік бар
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында белгілі бір емxанада қызмет көрсету сапасы жоғары болса, пациенттердің саны да көбейеді.
Ал пациенттер көп жерге қордың ақшасы көптеп бөлінеді. Осының арқасында қарапайы медбикелердің жалақысын көтеруге мүмкіндік бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Негізі біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен енгізілгеннен кейін дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы өседі деп сенеміз. Халық медициналық қызметтерді өз еркімен таңдағанда медицина саласындағы ұйымдардың арасында бәсекелестік қыза түседі. Ал медициналық қызметтің сапасы жоғары жерде пациенттер көп болады. Ондай мекемелер сақтандыру қорынан ақшаны да көптеп алады. Сонда жалақыны көтеруге мүмкіндік болады",- деді Біртанов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, қазіргі кезде министрлік медицина қызметкерлерінің жалақысын бекітпейді. Оны емxана мен ауруxаналардың бас дәрігерлері шешеді. "Олар мекеменің кірістеріне қарай жалақыны тағайындайды. Әрине, алдағы уақытта әкімшілік шығындарды қысқартудың арқасында жалақыны көтеруге қосымша мүмкіндіктер ашылады", - деп атап көрсетті министр.