Алматы облысында ет сататын әлеуметтік дүкен ашылды

Алматы облысында ет сататын әлеуметтік дүкен ашылды

Алматы облысында ет сататын әлеуметтік дүкен ашылды
ашық дереккөзі
242
 Алматы облысы Үштөбе қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін "Сабина" атты ет сататын әлеуметтік дүкен ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  Салтанатты рәсімді аудан имамы Әбудардан Таласбай мен Үштөбе қаласы әкімдігінің бас маманы Гүлнар Киікбаева атқарып, ақ жаулықты аналар тәттіден шашу шашты. Тауық және ірі қара малдың еті сатылатын дүкеннің ашылу салтанатына үштөбеліктер бір кісідей атсалысты. Алдағы уақытта дүкенде халал шұжық, тұшпара, жартылай фабрикат өнімдерін қамтамасыз ету мақсатында шағын цех ашылмақ. "Сабина" шаруа қожалығының басшысы Қайрат Мамыраевтың айтуынша, бұл дүкендегі ет бағасы өзге сауда орындарымен салыстырған арзан әрі сапалы. "Дүкен сөрелеріне қойылған ірі қарадан бастап, тауық етіне дейін өзіміздің таза өнім. Себебі, малдың бәрін өзіміз бордақылаймыз. Бұл жұмысты былтыр қыстан бастап қолға алдық. Шаруашылықта 80 бас ірі қара мал бар. Қазіргі таңда қой малын да бордақылу үстіндеміз. Ең бастысы халық риза. Қыркүйек айының соңына дейін дәл осындай тағы да бір әлеуметтік дүкен ашуды жоспарлап отырмыз", - дейді шаруашылық басшысы. Арзан әрі сапалы өнім алушылар қатары күн сайын көбеймесе азаймасы анық. Жерлестеріне барынша жақсы жағдай жасап жатқан кәсіпкер еңбегіне табыс тілейміз.

Серіктес жаңалықтары