Альварес GGG-дің тек екі белдігі үшін ғана таласады

Альварес GGG-дің тек екі белдігі үшін ғана таласады

Альварес GGG-дің тек екі белдігі үшін ғана таласады
ашық дереккөзі
327
Альварес GGG-дің тек екі белдігі үшін ғана таласады. 16 қыркүйек күні өтетін жекпе-жекте мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброуз мексикалық боксшының тек екі белбеуге таласамын деген шешіміне қатысты өз пікірін білдірді. «Канело» WBC титулын жеңіп алса, Бүкіләлемдік бокс кеңесі оны бірден осы белбеуден үміткер боксшымен жұдырықтасуға міндеттеуі әбден мүмкін. Ол үміткер - Джермалл Чарло. Ашығын айтайық, Альварес бірінші орта салмақта жүргенде де Чарлоға қарсы шақпаған. Енді, толығымен орта салмақпен ауысқанда онымен шығады деп ойлайсыз ба? WBC титулы «Канелоның» бас ауруына айналады. Себебі Джермалл Чарло сияқты мықты боксшыларға қарсы шығуға тура келеді», - деп жазды Эмброуз. Айта кетейік, өткен демалыс күндері орта салмақтағы Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) және Хорхе Себастьян Хейланд (29-4-2, 16 КО) WBC нұсқасы бойынша қазақстандық Геннадий Головкин иеленген чемпиондық атақтың міндетті үміткері мәртебесіне таласты. Ол жекпе-жекте Чарло жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары