537
Медициналық ЖОО-лар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары белгіленді
Медициналық ЖОО-лар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары белгіленді
Медициналық ЖОО-лар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстары белгіленді. 2017-2018 оқу жылына медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысында 3 150 грант қарастырылған, оның 2 700-і «Жалпы медицина» мамандығына бөлінген, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«27 шілдедегі ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 560 бұйрығымен тек С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілген. Оның ішінде «Жалпы медицина» - 385 орын, оның 270-і қазақ тілінде; Педиатрия - 150, оның 100-і қазақ тілінде; Стоматология - 20, 10-ы қазақ тілінде оқуға; Мейіргер ісі - 20, оның ішінде 10-ы қазақша оқуға; Фармация - 15, оның ішінде 10-ы қазақ тілінде оқытуға; Қоғамдық денсаулық сақтау - 10, оның ішінде 5 қазақ тілінде білім беруге қатысты», - делінген хабарламада.
Басқа медициналық жоғары оқу орындары бойынша квота бөлінбеген. Жалпы конкурс өткізіледі, бұл талапкерлердің таңдаған жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін арттырады. Барлық білім беру ұйымдары «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру қызметіне лицензиясы бар ҚазҰМУ-да және жалпы конкурс бойынша басқа медициналық жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысына талапкерлердің құжаттарын қабылдайды.