193
Сириядағы атыста ресейлік тілші мерт болды
Сириядағы атыста ресейлік тілші мерт болды
Хомс провинциясындағы атыс кезінде Russia Today телеарнасының тілшісі мерт болды, деп хабарлайды ТАСС.
Телеарнаның Сириядағы тілшісі Халед аль-Хатыб ел армиясының террористерге қарсы жүргізген операциясы туралы хабар беріп тұрған кезде қатты жарақат алып, мерт болды. Сондай-ақ шабуылдан оператор Муутаз Якубта зардап шекті. Ол емханаға жатқызылды.
Russia Today телеарнасының бас редекторы Маргарита Симоньян мерт болған тілшінің отбасына көмек көрсетілетіндігін хабарлады.
«Сирияда RT стрингерінің мерт болуы біз үшін аса ауыр жағдай. Мұндай қаза RT тарихында алғаш рет кездесіп отыр. Біз Халедтің отбасына, туыс-туғандарына көмегімізді аямаймыз», - деді Симоньян.