Иерусалимдегі қақтығыстардан 113 адам жараланды

Иерусалимдегі қақтығыстардан 113 адам жараланды

Иерусалимдегі қақтығыстардан 113 адам жараланды
ашық дереккөзі
141
Иерусалимдегі Шіркеу тауында тағы да қақтығыс болып, 113 адам жараланды. Полиция Шіркеу тауына ағылған мыңдаған діндарларға қарсы шу шығаратын гранаталар қолданған. Израиль билігі мұнда қорғау орнатып, камералар мен металл детекторын орнатқан еді. Бірнеше адам Әл Ақсы мешітінің шатырына шығып, Палестина туларын орнатқан. Кейін оларды полиция тәркіледі. 16 шілдеден бері мыңдаған мұсылман Израиль билігінің Шіркеу тауына кіруді шектеуіне қарсы наразылық білдіріп, Ескі қалада намаз оқып жүр. Билік Шіркеу тауында екі полиция қызметкері өлтірілген соң, осындай шектеу енгізген еді. 21 шілдеде Шығыс Иерусалимдегі бейбіт жиындардың соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Үш палестиналық қаза тапты, ондаған адам жараланды. Сол күні Иорданның Батыс жағалауында палестиналық үш қоныс аударушыны өлтірді. Халықаралық қауымдастықтың қысымынан соң, Израиль Шіркеу тауындағы төтенше қауіпсіздік шараларынан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары