ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 млрд теңге салық түскен

ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 млрд теңге салық түскен

ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 млрд теңге салық түскен
ашық дереккөзі
239
Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни,  жоспар бойынша қазынаға 139 млрд теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд теңге түскен. Осылайша, мемлекет қазынасына түскен салық көлемі 8 млрд теңгеге артық орындалып отыр. «Оның ішінде, бюджет кесіндісіне келсек, республикалық бюджетке 84 млрд теңге жоспарланса, нақты 90 млрд теңге өндірілген. Яғни, орындалуы 107% құрап, қазынаға 6 млрд теңге артығымен түсіп отыр. Ал, жергілікті бюджет бойынша болжамды жоспар 55 млрд теңге болса, нақты 58 млрд теңге өндірілді. Жоспардың орындалуы 105% немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 3 млрд. тң. қамтамасыз етілді. Түсімдердің өсу қарқыны 104% құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 2 млрд теңге артты», - деді А.Үмбетәлиев. Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайын да сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 млрд 386 млн  теңге өндірілген. Мұны өткен 2016 жылдың 6 айымен салыстырсақ, 6 млрд теңгеге көп деген сөз. Осынау жалпы түсімнен жергілікті бюджетке 4 млрд 747 млн теңге түсіп, жалпы түсімдердің 8 пайыздан астамын құрапты. Анықтама ретінде тарқатып айтсақ, салықтық тексеруден 5,7 млрд теңге, камералдық бақылау нәтижесінде 1,7 млрд теңге кедендік құнды түзету нәтижесінде 3 млрд 325 млн теңге, мәжбүрлеп өндіруден - 2 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін, көлік құралдарын және т.б. түгендеу барысында – 3,6 млрд теңге қосымша кірістер анықталып, өндіріліп отыр.

Серіктес жаңалықтары