239
Қазақстан студенттерін Египеттің ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған
Қазақстан студенттерін Египеттің ұлттық қауіпсіздік қызметі ұстаған
Мысырдағы қазақстандық студенттерді сол елдің ұлттық қауіпсіздік органы ұстаған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.
«Бүгін Қазақстан Елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан азаматтарын ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлері ұстағаны белгілі болды. Толық мәліметтерді жақын арада хабарлайтын боламыз», - деді Ә.Жайнақов.
Бұған дейін Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отырғандығы туралы хабарланған болатын.