Былтыр 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған

Былтыр 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған

Былтыр 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда 2016 жылы құрылыстың көбейгенін хабарлады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 2016 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3258,0 миллиард теңгені құрап, 2015 жылға қарағанда 7,4 пайызғаға көбейді. Құрылыс жұмыстарының едәуір үлесі (45,2 пайыз) ірі кәсіпорындармен орындалды.  2016 жылы 10,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, ол 2015 жылға қарағанда 17,6 пайызға көп. Жеке құрылыс салушылармен 5,2 миллион шаршы метр салынды. Әрбір бесінші шаршы метр Астана қаласында пайдалануға берілген. 2016 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 89 жалпы білім беретін мектеп, 80 мектепке дейінгі мекемелер, 69 амбулаториялық-емханалық мекеме және 5 аурухана пайдалануға берілді.