248
Алматыда салық төлемей жүрген мемқызметшілердің рейтингі шықты
Алматыда салық төлемей жүрген мемқызметшілердің рейтингі шықты
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемей жүрген мемқызметшілердің рейтингін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департамент мамандарының айтуынша, қалада төленбеген салығы 300 мың теңгеден асатын 2 мың борышкер бар. Мүліктік салығы қордаланған тұлғалардың арасында мемлекеттік қызметшілер де бар. Атап айтқанда, борышкерлердің көшін әскери бөлімдерде қызмет етіп жатқандар бастап келеді. 496 әскери қызметші 8,3 млн теңге көлемінде салық төлемеген. Келесі орында Алматы полициясының қызметкерлері тұр. 361 полицейдің 11,3 млн теңге қарызы қордаланып қалған. 74 жергілікті атқарушы органының қызметкері - 2,5 млн теңге, Ұлттық банктің 47 қызметкері 1,4 млн.теңге берешек», - деді баспасөз қызметінен. Мемлекеттік кірістер департаменті осы қызметкерлердің жұмыс орнына арнайы хабарлама жіберді. 2017 жылдан бастап жеке тұлғалар мүлік пен жер салығын өзгерген мерзіммен төлейтін болды. Яғни, 2017 жылғы салықты 2018 жылдың қазанына дейін төлеуі тиіс. Ал көлік салығы бұрынғыдай есепті жылдың 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.