26 Шілде 2017, 12:55 188 0 Жаһан Ақниет ОСПАНБАЙ

Франция мэрі егеуқұйрық жеді

Франциядағы Мон-де-Марсан қаласының мэрі Шарль Дайо бәстен ұтылып, ондағы шарттарды орындады, - деп жазады 101 Great Goals порталы.

Басылымның мәліметінше, қала мэрі ПСЖ мен "Барселона" командаларының Чемпиондар лигасындағы 1/8 финалына бәстескен.

Француздар 4:0 есебімен жеңіске жеткен соң Шарль Дайо Facebook желісіндегі парақшасында испаниялықтар жеңіске жеткен жағдайда егеуқұйрық жейтінін мәлімдеген.

Осылайша, жауапты матчта "Барселона" ойыншылары француздарды 6:1 есебімен жеңіп, қала мэрі Шарль Дайоға бәстің шарттарын орындауға тура келді. Қала мэрі уәдесін бүкіл елдің көзінше орындады. Егеуқұйрықтың қалай дайындалғаны әзірше белгісіз.
 

Соңғы жаңалықтар