Өзбекстанның оңтүстігінде екі адам қанды безгектен көз жұмды

Өзбекстанның оңтүстігінде екі адам қанды безгектен көз жұмды

Өзбекстанның оңтүстігінде екі адам қанды безгектен көз жұмды
ашық дереккөзі
313
Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Қаршин ауданындағы Ханабад ауылының 47 жастағы тұрғыны және 16 жастағы жеткіншек аса қауіпті жұқпалы аурудан дүние салды. Биыл мамыр-шілде айларында бұл облыста 98 адамды кене шаққан. Дәрігерлер екі науқасты да аман алып қала алмаған. "Науқастардың геморрагиялық қызбаға шалдыққаны анықталды. Олардың қалі ауыр болды. Ауру әйел 12 сағаттан соң көз жұмды, ал жасөспірімді біз екі апта емдедік. Бірақ кейін оның басы ісініп, бүйректері істен шықты", - деді дәрігер. Ханабад ауылында арнайы штаб құрылып, тексеру басталған. "Тағы 14 адамды кене шаққаны анықталды. Қазір олардың барлығының дені сау", - деді СЭС қызметкері. Аудандық денсаулық сақтау департаментінің мәліметі бойынша, қазір кене шаққан тағы үш адам аудадық ауруханада жатыр. Олар дәрігерлердің бақылауында. Геморрагиялық қызбаға шалдыққан адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі айниды, іші ауырады, сүйектері мен бұлшық еттері қақсайды, басы ауырады, терісінде көк дақтар пайда болады, мұрны қанайды.  

Серіктес жаңалықтары