Батыс Қазақстан облысының Ақсай тұрғындары Юбилейная мен Элеваторная көшелерінің атауын өзгертуге қарсы болды, деп хабарлайды Мой город.
Бұл дау 2014 жылы басталған еді. Ол кезде 50 көше атауын өзгерту керек болып, тұрғындардың қарсылығынан соң сол күйі өзгермеген.
2016 жылы көше атауы қайтадан өзгеріп, Бөрлі ауданында бірнеше көше өзгертілді.
Алайда Юбилейная мен Элеваторная көшесінің тұрғындары көше атауын өзгертуге қарсы шықты. Аудан өкілдері мен кездесуге 23 тұрғын келді. Ал, Юбилейная көшесінде барлығы 32 үй бар.
Бөрлі ауданы әкім аппаратының жетекшісі Дархан Ақеділов мағынасы мен тарихи мәні жоқ көше атауын өзерту керектігін айтты.
«Неліктен мағынасы жоқ? Бұл жерден элеватор табылғандықтан солай аталып кеткен. Юбилейная көшесі де бұрыннан осылай аталады», деді тұрғын Геннадий Ващук.
Әкімдік өкілі Жолбарыс батырдың ұрпағы атынан өтініш түсіп, көшенің атын беруді сұрағанын жеткізді. Тұрғындар оған түбегейлі қарсы шығып дауласты.
«Онда бәріміз де ата-бабаларымыздың атына көше сұрайық», – дейді тұрғындар.
Басшылық өкілдері қалған тұрғындардың да пікірін біліп, дауысқа салатындарын айтқанымен тұрғындар бұл ұсынысқа да келіспеді. Ақырында көше атауы өзгермей бұрынғы атауымен қалатын болып шешілді.