231
Сағынтаев «Нұрлы жол» жобаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауды тапсырды
Сағынтаев «Нұрлы жол» жобаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауды тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет мүшелеріне «Нұрлы жол» жобаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл мәселе бойынша толыққанды жұмыстар жүргізілуде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша игеру көлемі 99,9 пайызды құрап отыр. Жылдық мәнде - 33,4 пайыз. Дегенмен,баяндамаларда айтылғандай негізгі шаралар екінші жартыжылдыққа жоспарланған», - деді ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылдың I жартыжылдығында іске асырылуының негізгі қорытындысын талқылау барысында. Осыған орай Премьер-Министр алдағы уақытта Үкіметті үлкен жұмыстар күтіп тұрғандығын баса айтты. «Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне игеру жұмыстарын және жобада көрсетілген нысандардың барлығын дер кезінде іске асыруды қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын. Келесі тоқсанда бұл мәселеге тағы да оралатын боламыз», - деп ескертті Бақытжан Сағынтаев.