Әлемдегі ең жалқау қай ел?

Әлемдегі ең жалқау қай ел?

Әлемдегі ең жалқау қай ел?
ашық дереккөзі
1015

АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары әлемдегі 111 елдің 717 мың тұрғынының смартфонындағы мәліметтерді талдаған. Бұл олардың күніне қанша қашықтыққа жүретінін анықтау мақсатында жасалды. Зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, әлемде ең жалқау ел индонезиялықтар болып шықты, деп жазады islam.kz.

Олар күніне орташа есеппен 3513 қадам жасайды. Ал белсенді халықтардың ішінде Гонконг тұрғындары көш бастаған: күніне 6880 қадам жасаған. Ал әлем бойынша күніне орташа есеппен адам 4961 қадам жасайды екен. Гонконг тұрғындарынан кейін қытайлар, украиндар және жапондар белсенді екені белгілі болды. Нәтижесі Nature мерзімді басылымында жарияланған ғалымдардың бұл зерттеуінде ұзын саны күніне 68 млн адамның смартфонындағы қадамы есепке алынған. Аталмыш зерттеу барысында ғалымдар мынадай кереғарлыққа толы қызық құбылысқа көз жеткізген: күніне әр басқан қадамы мен артық салмау жинау арасында ешқандай кері байланыс байқалмаған. Яғни, артық салмақтан арылу үшін дене шынықтырумен айналысудың қатысы болмаған. Керісінше бай мен кедей арасындағы айырмашылық үлкен елдерде семіздік індеті тарағаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары