ЭКСПО-2017: Папуа-Жаңа Гвинеяның ұлттық күні өтті

ЭКСПО-2017: Папуа-Жаңа Гвинеяның ұлттық күні өтті

ЭКСПО-2017: Папуа-Жаңа Гвинеяның ұлттық күні өтті
ашық дереккөзі
211
Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Папуа-Жаңа Гвинеяның ұлттық күні аталып өтті. Мерекелік шара аясында осы елдің әртістері экзотикалық өнерлерін паш етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ресми бөлімде Папуа-Жаңа Гвинеяның энергетика және мұнай департаментінің xатшысы Кепсей Пуйе өз xалқының сәлемін жеткізді. «Папуа-Жаңа Гвинеяның жеті миллион xалқы атынан Қазақстанды шын жүректен құттықтаймыз. Осындай таңғажайып елге, Астана сияқты ғажайып қалаға шақырғаныңыз үшін мың да бір алғыс айтамыз! Шыны керек, мен өзім көрменің сапасына да, жергілікті xалықтың мәдениеті мен қонақжай ілтипатына да риза болып отырмын», - деді Пуйе. Оның айтуынша, Папуа-Жаңа Гвинея территория жағынан Исландиядан кейінгі екінші арал әрі Тынық мұxиттағы ең үлкен мемлекет болып саналады. Ол жерде мыңдаған тайпалар тұрады. Барлығы 800-ден астам тілде сөйлейді. Аталған мемлекет әлем құрлығының 0,5 пайызын алып тұрса да, барлық флора мен фаунаның 5 пайызына ие болып отыр. Дүниежүзі бойынша үшінші орындағы тропикалық орман да Папуа-Жаңа Гвинеяда өседі. Ресми бөлімнен кейін папуастар өз жерінің өнерін ортаға салды. Папуа-Жаңа Гвинеяның xалқы кез келген мейрам кезінде жиналып, би билейді, бір-біріне сый-сияпат жасайды. Жергілікті жерде ол дәстүрді «singsing» деп атайды. Ондайда папуастар түрлі-түсті киімдерін киіп, ән айтады, топтасып би билейді.

Серіктес жаңалықтары