Қазақстандық экипаж "Жібек жолы" раллиінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық экипаж "Жібек жолы" раллиінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық экипаж "Жібек жолы" раллиінің жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
170
Кирилл Черненков пен Алексей Мунның жетекшілігіндегі жалғыз қазақстандық экипаж "Жібек жолы" ралли-марафонының жол талғамайтын көліктер есебінде Т2 категориясы (сериялық автокөліктерден айырмашылығы аз) бойынша жеңімпаз болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Aktau Motorsport командасының намысын қорғайтын қазақстандық пилоттар бұл жарысқа Nissan Patrol автомобилімен қатысты. Тұңғыш рет қатысып отырған олар "Жібек жолы" марафонында 205 сағат айыппен жеңіп шықты. Ал барлық жол талғамайтын көліктер есебінде 22-ші болып келді.  Осылайша, қазақстандық пилоттар Т2 категориясында әлемнің ең беделді жарыстарының бірінде екінші мәрте жеңіске жетіп отыр.  Еске салайық, 2016 жылы "Жібек жолы" жарысында Денис Березовский мен Игнат Фальков жеңген еді. Айта кетейік, Astana Motorsports командасының намысын қорғайтын Артур Ардавичус "Ивеко" автомобилімен ралли-марафонды жүк көліктері есебінде төртінші болып аяқтады, оның алдын "Камаз-Мастер" өкілдері орап кетті.

Серіктес жаңалықтары