Иран жаңа зымыран жобасын бастайтыны жайлы мәлімдеме жасады

Иран жаңа зымыран жобасын бастайтыны жайлы мәлімдеме жасады

Иран жаңа зымыран жобасын бастайтыны жайлы мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
228
Иран АҚШ-пен қарым-қатынасты шиеленістіретініне қарамастан жаңа зымыран жобасын бастайтыны туралы мәлімдеме жасады. Иран мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, елдің қорғаныс министрлігі Хосейн Дехган салтанатты рәсім кезінде Иран 27 шақырымға дейін ұшатын «Сайяд-3» зымыран өндірісін бастайтыны туралы мәлімдеген. Министрдің сөзінше, жаңа зымыран әскери ұшақтарды, пилотсыз ұшатын аппараттарды, қанатты зымырандар мен тікұшақтарды атып түсіре алады. Өткен аптада АҚШ Иранның баллистикалық зымыран жасау бағдарламасына қатысы бар 18 компания мен жеке тұлғаға жаңа санкция енгізген болатын. Вашингтонның мәлімдеуінше, Тегеранның Таяу Шығыстағы «зиянкес іс-әрекеттері» 2015 жылғы ядролық келісімнің «оң нәтижелерін» жоққа шығаруы мүмкін. АҚШ және бес державаның Тегеранмен жасаған келісімі бойынша, Иран ядролық бағдарламасын дамытуды доғаратыны туралы міндеттеме алып, оның қайтарымына осы елге қарсы салынған халықаралық мұнай және қаржы санкцияларын жұмсарту немесе күшін жою туралы уағдаластық жасалған еді.

Серіктес жаңалықтары