249
Кремльдің АҚШ сайлауына "араласуына" ресейлік заңгер "қатысқан"
Кремльдің АҚШ сайлауына "араласуына" ресейлік заңгер "қатысқан"
Ақпараттарға қарағанда, Ресейдің ФСБ тыңшылық агенттігі АҚШ сайлауына "араласқан" кезде ресейлік заңгерді жалдаған.
Ресейде өткен бір соттың құжаттарына қарағанда, Наталья Весельницкая ФСБ басқаратын әскери бөлімде жұмыс істеген. Бұл кездері (2005 және 2013 жылдар аралығы) ол Мәскеудегі ғимараттарға иелік ету туралы ФСБ-ның арыз-талабы бойынша өткен соттарға әскери бөлім өкілі ретінде қатысқан.
ФСБ - бұрынғы СССР КГБ-ысының орнын басқан мекеме. Оны Ресей президенті болғанға дейін Владимир Путин басқарған.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама ФСБ-ны АҚШ-тағы президент сайлауына араласу мақсатында хакерлік шабуыл жасады деп айыптаған болатын. Весельницкая ол кезде Ресей тыңшылық агенттігінде және үкіметте жұмыс істегенін жоққа шығарған еді.
2016 жылы Нью-Йорктегі Трамп-Тауэр ғимаратында қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен болған кездесуге Весельницкая келген. Бұл кездесу қазір АҚШ әділет министрлігі мен Конгрестегі тергеуге ілігіп отыр. Оған Дональд Трамптың үлкен ұлынан бөлек, тергеуге іліккен компанияның жетекшісі және Трамптың күйеубаласы да қатысқан.
Весельницкаяның Дональд Трамптың үлкен ұлымен кездесуге мүдделі болғаны анықталған. Ол Трамптың баласын президент сайлауына түсіп жатқан Дональд Трамптың бәсекелесі Хиллари Клинтонға зиян келтіретін ақпаратты Ресей үкіметінен алып беретін заңгермен таныстырмақшы болған.