Сот Матаевтың жазасын жеңілдетпеді

Сот Матаевтың жазасын жеңілдетпеді

Сот Матаевтың жазасын жеңілдетпеді
ашық дереккөзі
213
Сот Қазақстан журналисттер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевтың жазасын жеңілдетуден бас тартты. Кеше Заречный ауылы ЛА 155/14 түзету мекемесінде бас бостандығын айыру жазасын бостандығын шектеуге ауыстыру туралы өтініш бойынша сот отырысы болған, деп хабарлайды sputniknews.kz
"Біз мекемеге сұрату жіберіп, мінездеме алдық: Матаев ынталандыру, мадақтама қағаздарын алған, ешқандай жазасы жоқ. Бұдан бөлек, сот шығындарын да төледік. Қазір келтірілген зиян да өтеліп жатыр. Сот үкімімен тыйым салынған мүлік бағаланып, үлестерге бөлінді, туған-туыстары осы үлестерді сатып алады. Ақша мемлекеттік бюджетке қайтарылмақ. Сот тараптарды мұқият тыңдап, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқанын мәлімдеді", — деп хабарлады Матаевтың адвокаты Андрей Петров. Оның айтуынша, сот шешімімен қаулы алынғаннан соң бес күннен кейін танысуға болады. Матаевтың өтініші осымен екінші рет қаралып отыр. "Сот осындай шешім шығарса, қалай қарайды? Әлбетте, уайымдап отыр", — деді адвокат қорғалушысының көңіл-күйі жайлы. Соттың теріс шешіміне қарамастан, Серікқазы Матаевтың жаза мерзімі екі негіздеме бойынша қысқартылуы мүмкін. Яғни, жақында заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша кейбір қылмыс түрлері үшін жауапкершілік жеңілдетілмек.  

Серіктес жаңалықтары