Туризмді дамытуды да ойлайық

Туризмді дамытуды да ойлайық

Туризмді дамытуды да ойлайық
ашық дереккөзі
348
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының айтуынша, бүгінде елімізде шет ел азаматтары үшін визаны электронды түрде алу жүйесін енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Себебі туристердің көбісі Қазақстанға келгісі келеді. Алайда виза алу кезінде сан алуан қиыншылықтарға тап болатыны жайында жиі айтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жақында біз шекара қызметімен (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы - авт.) кездесіп, электронды визаға көшу мәселесін талқылаған едік. Алдағы уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы мәселені шешетін боламыз. Шыны керек, біздің қазіргі виза беру жүйеміз өте күрделі әрі қатаң. Ең қызығы, бәрі оны ұлттық қауіпсіздікпен түсіндіреді. Мен айтамын, барлық әлем туризм арқылы инвестицияны тартуды ойлайды, жалғыз қазақ қана ұлттық қауіпсіздігін ойлап отыр. Шын мәнінде, виза беру мәселесін жеңілдету керек», - деді Мұxамедиұлы бүгін отандық туризмді дамыту мәселелеріне арналған жиында. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан арқылы транзитпен өтетін Иран мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағатқа дейінгі визасыз режимді енгізу жоспарланып отыр. «Меніңше, алдағы екі аптаның ішінде осы мәселе шешіледі», - деп атап көрсетті Мұxамедиұлы. Айта кетейік, бүгінде 72 сағатқа дейінгі визасыз режим Қытай азаматтары үшін енгізілген. Аталған бастама ЭКСПО көрмесі аясында пилоттық жоба ретінде қолға алынып отыр. Оған сәйкес, Астана мен Алматы әуежайлары арқылы басқа елдерге ұшып бара жатқан қытайлық туристер Қазақстанда үш күн бойы визасыз жүре алады.

Серіктес жаңалықтары