«Қазақ Туризм» компаниясында жалақы көп болмайды

«Қазақ Туризм» компаниясында жалақы көп болмайды

«Қазақ Туризм» компаниясында жалақы көп болмайды
ашық дереккөзі
Бүгінде министрліктің өзіне инвестицияларды тарту жұмысымен айналысуға рұқсат жоқ. Сол себепті «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясы құрылды. Ол отандық туризм саласына инвестицияларды тартумен айналысады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жаңа компанияның директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады. Олардың ішінде Үкіметтің атынан екі адам, компания басшысы, сосын туристік қауымдастықтардың екі тәуелсіз директоры болады. Енді, компания қызмектерлерінің жалақысы кәдімгі мекемелердің ақысы сияқты болады. Оның «ұлттық компания» деген аты болса да, қызметкерлердің жалақысы мұнай-газ саласындағы компаниялардың жалақысы сияқты төленбейді. Жоғары жалақы қойылмайды», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы журналистерге берген сұxбатында. Алайда министрлік басшысы компанияны кімнің басқаратынын және нақты қанша жалақы қойылатынын айтпады. «Ал ұлттық компанияның қызметіне келер болсақ, ол алдымен отандық туризм саласына инвестицияларды тартумен айналысады. Мәселен, қазір үлкен бір компания Қазақстанның туристік қызметіне қаржы құюға дайын. Оларға серіктес керек. Біз болсақ, министрлік ретінде ондай жұмыспен айналыса алмаймыз. Сол себепті «Қазақ Туризм» комманиясын құрдық», - деп атап көрсетті Мұxамедиұлы. Айта кетейік, бүгін Астанада отандық туризм саласын дамытуға арналған жиын өтті. Сол жерде вице-министр Асқар Баталов Қазақстанға қытайлық туристерді көптеп тарту қажеттігін жеткізді.