Сауд Арабиясында ару жалғыз қыдырғаны үшін жауапқа тартылды

Сауд Арабиясында ару жалғыз қыдырғаны үшін жауапқа тартылды

Сауд Арабиясында ару жалғыз қыдырғаны үшін жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Қыз қысқа белдемше киіп, ескі қамалда қыдырып жүргенін видеоға түсіріпті. Сауд Арабиясында көшеге дәстүрлі мұсылман киімін кимей шыққан қыз қамауға алынды, деп хабарлайды Би-би-си Орыс тіліндегі қызметі. Сауд Арабиясы моделі Хулуд қысқа белдемше киіп, Ушайкир көне фортын аралап жүргенін видеоға түсірген. Оның бұл қылығын көрген жұрт наразы болып, қызды қатал сынға алды. Арудың өзі полицияға түсіндіргендей, оның бұл видеосын біреу интернетке салып жіберген екен. Негізінде, елдің заңына сәйкес, туыс ер адаммен бірге қыдырып жүріпті. Егер қыздың шариғат нормасын бұзғандығы дәлелденсе, айыппұл төлеуден бастап, түрмеге дейін қамалуы мүмкін. Сауд Арабиясында әйелдер басынан-аяқ жабық киім киіп жүруі тиіс әрі олардың көлік айдап, туыс емес ер адамдар арасында жүруіне тыйым салынған.