231
Алматы ЖИТС індетіне қарсы Париж декларациясына қосылды
Алматы ЖИТС індетіне қарсы Париж декларациясына қосылды
Алматы қаласының әкімдігі ЖИТС індетін тоқтатуға шақыратын Париж декларациясына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін 20 шілде күні Алматы әкімдігі салтанатты түрде ЖИТС індетін тоқтатуға шақыратын Париж декларациясына қосылды.
Деклорацияға қосылу салтанатты шарасы БҰҰ-ның Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС бойынша жасалған бағдарлама және «ЖИТС Шығыс-Батыс Қазақстанда» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты. Бүгінгі таңда Париж декларациясына Амстердам, Брюссель, Женева, Майами, Сан-Франциско, Вашингтон, Бангкок, Мельбурн, Дели, Одесса, Париж қалаларының басшылары қол қойған. Алматы - Орталық Азиядағы қалалар ішінен аталған құжатқа қосылған алғашқы қала. «Бұл оқиға сөзсіз, АИТВ індетімен күрес мәселесіне қала тұрғындарының назарын бұрады. Яғни, тесттен уақытында өтіп, ем қабылдау шараларын мезгілінде бастауды насихаттайды. Айтулы құжат арқасында Алматы АИТВ/ЖИТС саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік табыстарға қол жеткізіп, денсаулық саласы бойынша халықаралық іс-шаралардың қатысушысы бола алады. Алматы қаласының жоспарына 2023 жылға дейін туберкулез бен АИТВ мен ЖИТС-ті емдеу бойынша жасалатын әлемдегі ең үздік тәжірибелер енеді», - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уалихан Ахметов. Париж декларациясына ең алғаш рет 2014 жылы қол қойылды.