523
Корея мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 278 пайызға ұлғайды
Корея мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 278 пайызға ұлғайды
Корея мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 278%-ға ұлғайды. Мұнай бағасы төмендеген соң, Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-саттық көлемі арта бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«2014 жылы сауда айналымының жалпы көлемі 1 млрд 460 мың долларды құраған. Мұнай бағасы төмендеп, экономиканың тоқырауы салдарынан 2015 жылы бұл сома 55%-ға төмендеді және 760 млн долларды көрсетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш тағы 16,9%-ға құлдырап, 650 млн долларды құрады. Сонымен бірге, биылғы қаңтар айынан сәуір айына дейінгі сауда айналымының сомасы өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 390 млн долларға дейін 278 пайызға артты», - деп мәлімдеді Кореяның «KOTRA» сауда және инвестициялар бойынша агенттігінің басшысы Канг Санг Ёп Астанада өткен Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның ынтымақтастық форумында. Агенттік басшысының айтуынша, бұл көрсеткіштер Қазақстан экономикасының жақсарғанын білдіреді.
Өткен жылы Кореяның Қазақстанға экспорты 360 млн долларға дейін 19,9%-ға төмендеген еді. Сондай-ақ, биылғы қаңтар-сәуір айларында экспорт көлемі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 91,5%-ға артып, 140 миллион долларды құрады. Негізгі экспорт өнімдері - кабель, жылыту құрылғылары, синтетикалық шайыр, автобөлшектер, жеңіл автокөліктер, ауыр құрылыс техникасы және косметика. «Жыл сайын төмен көрсеткіштер көрсеткен импорт көлемі биыл едәуір ұлғайған. Өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда, биылғы төрт айда импорт өсімі 250 млн долларға жетіп, 594%-ды құрады. Өткен жылы тұтас импорт көлемінің 280 млн долларды құрағанын ескерсек, бұл тамаша көрсеткіш. Корея Қазақстаннан 180 млн долларға уран импорттады, одан бөлек ферроқорытпа, мұнай, металлдар, жануарлардан алынатын дәрілік препараттар, мыс және аллюминий жеткізілген», - деп түсіндірді Канг Санг Ёп. «KOTRA» агенттігінің басшысы бұл деректердің Кореяның кедендік қызметі негізінде келтірілгенін атап өтті.