Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлайды primeminister.kz. Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев «Петропавл» Халықаралық әуежайын жөндеу барысымен және оның транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары А. Федяев әуежай терминалының ғимараты мен ұшу-қону жолағының жөндеуден өткенін, бұл әуе кемелерінің кез келген түрін қабылдауға мүмкіндік беретінін баяндады. Бұдан өзге, әуежай перронын кеңейту және кірме жолды жөндеу жоспарланған. Петропавл әуежайын жөндеу Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысының транзиттік әлеуетін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Жұмыс сапары кезінде Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысының барысымен, Петропавлдың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысады деп көзделген. Өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары мен медицина мекемелерін, ауыл шаруашылығы кешендерін аралау жоспарда бар. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларының қатысуымен республикалық кеңес өткізеді деп күтілуде. «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуде шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлік ортасын қайта реттеу, облыста өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен технологиялық жаңғырту, цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, ИИДМБ-2 іске асыру және инвестициялар тарту мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кеңесін өткізу жоспарланған. Бақытжан Сағынтаев биыл көктемде су деңгейінің көтерілуінен залал тартқан Заречный кентінде су тасқындарын ескерту мен олардың салдарларын жою бойынша көшпелі кеңес өткізеді деп көзделіп отыр.